A- A A+
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «степногорск қаласының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Бiрiншi жартыжылдық қорытындысы бойынша көшпелi салалық кеңес өткiзiлдi

2016 жылғы 18 тамызда Зерендi ауданында Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы бiрiншi жартыжылдық қорытындысы бойынша көшпелi салалық кеңес өткiзiлдi. Онда Зерендi ауданы әкiмiнiң орынбасары, облыс мемлекеттiк архивтерiнiң директорлары, Зерендi ауданы ұйымдарының жетекшiлерi, ведомстволық архивтер мен бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерi қатысты. Қорытынды кеңесте облыстың архивтiк қызметiнiң өзектi мәселелерi қаралды, Ақмола облысы мемлекеттiк архивтерiнiң жұмысын жақсарту бойынша мiндеттер қойылды және негiзгi мәселелерi айтылды. Облыстың архив мекемелерi қызметiнiң қорытындысы бойынша облыс архив мекемелерiнiң жұмысшылары басқарма басшысының алғыс хаттарымен марапатталды. Және де, Зерендi ауданының мемлекеттiк архивiнiң құрылғанына 25 жыл толуына байланысты концерттiк бағдарлама болды.

Мақаланың шыққан күні: 18.08.2016
Қаралым саны: 1899

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «степногорск қаласының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»