A- A A+
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «степногорск қаласының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «степногорск қаласының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Аймақтық семинар «Мемлекеттік қызметті көрсету сапасымен қанағаттанушылық деңгейін арттыру» тақырыбына

2016 жылдың 10 қазанында Степногорск қаласында «Мемлекеттiк қызметтi көрсету сапасымен қанағаттанушылық деңгейiн арттыру» тақырыбына болған аймақтық семинарға қатыстық. Семинарда Ақмола облысы әкiмi аппараты мемлекеттiк қызметтердi ұсынуды талдау бөлiмiнiң басшысы және басқа да Ақмола облысы әкiмi аппаратының қызметкерлерi сөз сөйледi, онда келесi сұрақтар қарастырылды: Мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын арттыру бойынша жергiлiктi атқарушы органдардың мiндеттерi, Мемлекеттiк қызметшiлердiң Әдеп Кодексiнiң негiзгi аспектiлерi, оның iшiнде мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер сапасын арттыру мәселелерi туралы, мемлекеттiк қызметтi көрсету сапасы үшiн мемлекеттiк бақылау, мемлекеттiк қызметтердi алу кезiнде халықтың азмобильдi топтары үшiн қажеттi жағдайлар жасау, мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасымен қанағаттанушылық деңгейiнiң зерделенуiн жүргiзу.

Семинарға Бұланды, Ақкөл, Еңбекшiлдер аудандарының мемлекеттiк мекемелерiнiң басшыларымен мамандары қатысты.

Мақаланың шыққан күні: 15.11.2016
Қаралым саны: 2171

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «степногорск қаласының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»