A- A A+
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «степногорск қаласының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
4 маусымда – Қазақстан Республикасының рәміздері күні

2017 жылдың 02 маусымында мемлекеттiк архивтiң қызметкерлерi Степногорск қаласының әкiмiнiң қатысуымен өткен «Ту тұғыры» монументi алаңында Қазақстан Республикасының рәмiздерi күнiнiң 25 жылдығына арналған iс-шараға қатысты. 1992 жылғы маусым айының 4-шi жұлдызы Қазақстан Республикасы тарихындағы ерекше мәртебелi күн. Бұл күн елiмiздiң мемлекттiк рәмiздерi — Туы, Елтаңбасы, Әнұраны — дүниеге келген күн ретiнде мәңгi есте қалады. Мемлекеттiк рәмiздер — мемлекеттiң мызғымас негiзiнiң бiрi. Мемлекеттiк ту — ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген және елтаңбаның ортасында шаңырақтың бейнесi, барлық қазақстандықтар үшiн ортақ үй символы сияқты, әлемге жаңа тәуелсiз мемлекет бейнесiн әкелдi оның аты Қазақстан Республикасы.

Мақаланың шыққан күні: 04.06.2017
Қаралым саны: 2398

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «степногорск қаласының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»