Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «степногорск қаласының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
2018 жылдың 23 қарашасында Степногорск қаласының мемлекеттiк архивi «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қырыққұдық ауылында «Өлке тарихы — ел тарихы» атты көшпелi фотокөрменi өткiздi. Көрмеге Қырыққұдық ауылының тұрғындары, оқушылары және ауылдағы мекемелердiң ұжымдары келiп тамашалады. Олардың назарларына Степногорск қаласының тарихын сипаттайтын архивтiк фотоқұжаттардан тұратын роллап, кiтаптар және басқа да құжаттар қойылды. Көрмеге 48 адам келдi.