Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «степногорск қаласының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
2018 жылдың 20 қарашасында Степногорск қаласының мемлекеттiк архивi «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ақсу кентiнде «Өлке тарихы — ел тарихы» атты көшпелi фотокөрменi өткiздi. Көрмеге Ақсу кентiнiң тұрғындары, оқушылары және кент мекемелерiнiң ұжымдары келiп тамашалады. Олардың назарларына Степногорск қаласының тарихын сипаттайтын архивтiк фотоқұжаттардан тұратын роллап, кiтаптар және басқа да құжаттар қойылды. Көрмеге 40 адам келдi.