Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «степногорск қаласының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасы аясында 2018 жылдың 17 мамырда Степногорск қаласының мемлекеттiк архивi қаламыздың Тау-кең колледжiнiң 1 курс студенттерiмен «Маркшейдерлiк iсi» (МI-1-1) мамандығы бойынша «Архивтегi рухани игiлiк» атты сабақ өткiздi. Республикамыздың архив құжаттары — баға жетпес байлық, мемлекеттiң, халықтың асыл қазынасы. Бүгiн де ертеңде, келер ғасырларда да толыға беретiн, жазыла беретiн тарихтың қайнар көзi. Архив құжатынсыз тарихтың жазылуы мүмкiн емес. Архив — өмiрi таусылмас, қоймасы ортаймас, тарих көшiмен баяғы заманнан бүгiнге дейiнгi өмiрдiң елiмiздiң шаруашылығын, экономикасын, тыныс тiршiлiгiн кең түрде айқындайтын, тарихи, мәдени ескерткiштерiн, жеке тұлғалардың өмiрiн мәңгi жасататын ұлттық тарихи мұраның көзi.