A- A A+
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «степногорск қаласының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Степногорск қаласының мемлекеттiк архивiнiң 2020 жылға жұмыс ЖОСПАРЫ

Бекiтемiн
«Степногорск қаласының
мемлекеттiк архивi» КММ
Директордың м.а
____________ М. Нуржанова
____________ 2019

Степногорск қаласының мемлекеттiк архивiнiң
2020 жылға жұмыс
ЖОСПАРЫ

КIРIСПЕ

2020 жылы Степногорск қаласының мемлекеттiк архивiнiң барлық қызметi архивтiк iстi жетiлдiруге және одан әрi дамытуға, Ұлттық архив қорының құжаттарының сақталуын қамтамасыз етуге, сақтаудағы құжаттарға ғылыми-анықтамалық аппараттарды құруға және жетiлдiруге, оларды жан-жақты пайдалануға, орындалатын жұмыстарға ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз етуге бағытталады.

2007 жылдың 12 қаңтарындағы № 2340 «Заңды және жеке тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» ҚР заңын орындау мақсатында кешендi iс-шараларды өткiзу жалғастырылады.

Ақпараттық құжаттардың, мақалалардың, фотоқұжаттық көрмелердiң тақырыптық-экспозициялық жоспарларының, семинарлар жоспарларының, ғылыми-анықтамалық аппараттың, iстер мен құжаттардың тiзiмдемелерiнiң, жыл сайынғы атаулы күндердiң күнтiзбесiнiң, жергiлiктi БАҚ материалдары бойынша қалыптасқан оқиғалар хронографының дайындалуына және келiп түсуiне қарай осы құжаттар қаралатын Архивтың сараптау комиссиясының отырысы өткiзiледi.

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорының құжаттарын мемлекеттiк есепке алу және сақталуын қамтамасыз ету

Сақтауын қамтамасыз ету мақсатында архивтi техникалық жарақтау және материалды-техникалық базасын нығайту бойынша жұмыстар жалғастырылады. Қағаз негiзiндегi құжаттардың 400 сақтау бiрлiгiнiң физикалық жағдайы жақсартылады, оның iшiнде 360 парақ қалпына келтiрiледi, қор тiзiмi қоса берiлдi (№ 1 қосымша).

10000 iс картон қораптармен қапталады  — қ.48 «ТКХК» АТАҚ.

Басқарма және жеке құрам бойынша құжаттардың 1738 iсiнiң жағдайын және қолда барын тексеру жүргiзу болжалануда. Қор тiзiмi қоса берiлдi (№ 2 қосымша).

Есепке алу құжаттарының толық жинақтарын мұқият салыстыру және қолда барын тексеру жүргiзiледi — 4 қор (қосымша № 3).

Мемлекеттiк сақтаудағы қорлардың тiзiмдемелерiн жетiлдiру бойынша жұмыс жоспарлы өткiзiлетiн болады: № 53, № 75/1, № 75/2, № 75 барлығы  — 2920 сақ.бiр. және оларға ғылыми-анықтамалық аппарат (№ 4 қосымша).

Бес мекеменiң ведомствалық сақтаудағы құжаттарының құндылығын сараптауы жүргiзiлiп, тiзiмдемесi келiсуге ұсынылады (№ 5 қосымша).

«Архивтiк қор» бағдарламасына барлық қорлар енгiзiлген, 2020 жылы сақтауға түскен қорлар енгiзiлетiн болады.

Мемлекеттiк архивке тұрақты сақтауға қабылданған iстердiң тiзiмдемесiн автоматтандырылған деректер базасына енгiзу бойынша жұмыс жалғастырылады.

1 тоқсанда мемлекеттiк сақтауға, жабылған балалар үйiнiң құжаттарын қабылдау жоспарлануда.

Қажеттi санитарлы-гигиеналық және температуралық-ылғалдылық режiмiн сақтау жоспарлануда. Тоқсан сайын санитарлық күндер өткiзу, құралдардың көрсеткiштерiн үнемi бақылап отыру қажет.

2. ҚР ҰАҚ қалыптастыру. Кәсiпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда iс қағаздар қызметiнде құжаттарды ұйымдастыруға және ведомствалық архивтарға ұйымдастыру-әдiстемелiк басшылық.

Бұл бағыттағы жұмысқа ҚР Ұлттық архив қорының құжаттарын сапалы қалыптастырылуын қамтамасыз етуге, мемлекеттiк сақтауға құжаттарды iрiктеуде сапасын көтеруге ерекше назар аударылады.

Қабылдауға жатады деп болжауда барлығы: 845 сақтау бiрлiгi.

Мемлекеттiк архивтiң толықтыру көздерi болып табылады кәсiпорындарда, мекемелерiнде, ұйымдарында 8 iстер номенклатурасы және 4 сараптау комиссиясы және ведомствалық архив туралы ережелердi жетiлдiруде әдiстемелiк және тәжiрибелiк көмек көрсету көзделiп отыр.

Қала әкiмдiгiнiң дербес бөлiмдерiнде, ұйымдары мен мекемелерiнде құжаттарды ведомстволық сақтауға жауапты және iс жүргiзушiлермен келесi тақырыптар бойынша 4 семинар өткiзiлетiн болады:

1."Сақтау мерзiмдерiн көрсете отырып, мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдардың қызметiнде жасалатын үлгiлiк құжаттардың тiзбесiне сәйкес iстер номенклатурасын әзiрлеу және жасау".

2. Тұрақты және ұзақ мерзiмдi сақтау құжаттарын ғылыми-техникалық өңдеу.

3. Ғылыми-анықтамалық аппарат құру.

Iстер номенклатурасын жетiлдiруде, тұрақты сақталатын құжаттарды және жеке құрам бойынша құжаттарды өңдеуде, ҒАА, тәжiрибелiк маңызын жоғалтқан құжаттарға жоюға бөлу актiсiн құрғанда үнемi әдiстемелiк және тәжiрибелiк көмек көрсетiлiп отырады.

3. Ғылыми ақпаратты, ақпараттық-iздеу жүйесiн құру және құжаттарды пайдалану.

2020 жылы мемлекеттiк архивтiң қызметi өткендi шолу ақпаратымен қоғамның қажеттiлiгiн қанағаттандыруға, азаматтардың құқығымен заңдық қызығушылығын iске асыру үшiн құжаттарды пайдалануға, Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұрасының ажырамас бөлiгi болып табылатын архивтiк құжаттарды жариялауға бағытталады.

Қазақстан Республикасы мен Ақмола облысы тарихындағы айтулы және атаулы күндерге 4 стенд дайындалады: 1 мамыр, 9 мамыр, Мемлекеттiк рәмiздер күнi, Тәуелсiздiк күнi.

Оқушылармен 4 экскурсия және 4 сабақ-дәрiс өткiзу жоспарлануда:

№ 3 және № 5 КМЛ, № 9 орта мектеп және студенттер: ".«Индустриалдық-техникалық колледжi Степногорск қ.» МКҚК, "Мақсат колледжi" мекемесi, Степногорск қ. Тау-кен техникалық колледжi.

Бұқаралық ақпарат құралдарында жариялану бойынша 4 мақала дайындау жоспарланып отыр.

Мемлекеттiк архивтың сайтында мұрағат қызметiн көрсететiн ақпаратты орналастыру жалғастырылады.

Сондай-ақ, "құжаттардың бiрыңғай электрондық Архивы"ақпараттық жүйесiнде жұмыс жалғастырылатын болады.

Архивтiң оқу залында архив материалдарын зерттеушiлермен жұмыс жалғастырылады — Қазақстан Республикасының және шет елдiң азаматтарымен, студенттермен, ғылыми жұмысшылармен. Және де, Қазақстан Республикасының, алыс және жақын шет елдерiнiң азаматтарынан және ұйымдарынан түскен тақырыптық және әлеуметтiк-құқықтық түрдегi сұранымдарын орындау бойынша жұмыс жандандырылады. Сонымен қатар мәтiндi баяндауда толықтылығы, уақыттылығы, шүбәсiздiгi, сыпайылығы қамтамасыз етiледi.

«Архивтiк анықтамаларды беру» мемлекеттiк қызметтiң Стандартымен регламенттелген сұранымдарға аса көңiл бөлiнедi. Бұл мақсатта әлеуметтiк-құқықтық түрдегi сұранымдарды орындау бойынша жұмыс туралы БАҚ жарияланымдар басу; мерзiмдiк басылымдарда электронды үкiмет порталы арқылы архивтiк анықтамаларды алу артықшылығы туралы жарнамалар орналастыру; азаматтардың жеке консультациялары арқылы архивтық ақпаратты алу мүмкiндiктерi туралы әлеуеттi алушыларды хабардар ету көзделедi. Өтiнiштердi ресiмдеу кезiнде қателердiң алдын алу, Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жұмысты жандандыру мақсатында ХҚКО қызметкерлерi үшiн "Архивтiк анықтамалар беру" мемлекеттiк қызметiн көрсету бойынша 4 семинар өткiзiледi және БАҚ-та 3 мақала басылады.

Каталог құру бойынша жұмыс жалғастырылады (40 iс каталогтау, 40 карточка құру).

Көрме, мақала, дәрiс, басқа да ақпараттық түрдегi жұмыс дайындағанда архивтiк құжаттарды жоспарлы және жемiстi пайдалану мақсатында 2020 жылға Ерекше мәндi және естен кетпес уақиғаларына күнтiзбе дайндалады (қыркүйек).

5. Ғылыми-техникалық ақпарат. Кадрлардың бiлiктiлiгiн жоғарылату. Ұжымның әлеуметтiк дамуы.

Қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыру үшiн архивтiк iс мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлердi жан-жақты зерделеу ұйымдастырылатын болады.

Тәжiрибелiк жұмыста оң тәжiрибенi белсендi қолдану Қазақстан Республикасының Архив мекемелерiнiң қызметi.

«Қазақстан Республикасындағы iс жүргiзу» журналы және «Қазақстан архивтерi» бюллетендерi бойынша аппараттық оқуларда жаңа әдiстемелiк және архивтi жүргiзу әдебиеттерiне шолу жүргiзу тәжiрибесi жалғастыралады. Жедел отырыстарда архив қызметкерлерiнiң айлық жұмыс жоспарының және жоспарлық көрсеткiштердiң орындалу барысы туралы есептерiн тыңдау. Үнемi орындалған жұмыстың есебiн жүргiзу.

Азаматтық қызметте болғанына 3 жыл өткен сайын архив қызметкерлерi аттестациядан өтетiн болады.

Архивтiң барлық қызметкерлерi әр түрлi курстарда және басқа оқу түрлерiнде бiлiктiлiгiн көтередi деп жоспарланып отыр.

Нақты мүмкiндiктерге сүйене отырып, Архив қызметкерлерi мен Архив iсiнiң ардагерлерiн әлеуметтiк қорғау мәселелерiне назар аударылатын болады.

Ақмола облысының мәдениет, архивтар және құжаттама басқармасы басшысының хаты негiзiнде, Ақмола облысының мемлекеттiк архивтары ақылы негiзде көрсететiн, сатылатын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бағасының прейскуранты бекiтiлдi, осыған байланысты 700.000 мың теңге сомасына қала ұйымдары мен мекемелерiмен құжаттарды ақылы негiзде өңдеуге келiсiм-шарт жасау жоспарлануда.


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 04.02.2020 14:28

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «степногорск қаласының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»