AA

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «степногорск қаласының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Қаламыздың тарихы – архивте»

14 қыркүйекте Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына орайластырылған «Қаламыздың тарихы  — архивте» деген тақырыппен, Сакен Сейфуллин атындағы № 5 орта мектептiң 10 сынып оқушыларымен мемлекеттiк архивте экскурсия өткiзiлдi.

Степногорск қаласының мемлекеттiк архивiнiң архивистi Сматаева Ғ.А. мектеп оқушыларымен «Қаламыздың тарихы  — архивте» деген тақырыпта экскурсия өткiздi. Ол архивтың тарихын, онда сақталатын құжаттар туралы, олардан қала тарихын бiлуге болатынын және архивтiң қызметiнiң негiзгi бағыттары туралы айтып бердi. Содан соң оқушылар архив қоймаларында болып, құжаттарды сақтаудың ерекшелiктерi туралы бiлдi. Сонымен қатар оқушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап берiлдi.

2016 жылдың 23 қыркүйегiнде қала, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерiнiң аппаратының мамандарымен «Iс номенклатурасына сәйкес құжаттарды қалыптастыру» тақырыбына семинар өткiзiлдi.

2016 жылдың 25 мамырында Степногорск қаласының,кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерiнiң аппаратының Iс номенклатурасы Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасының СТМК-мен келiсiлген болатын.

Номенклатурадағы кейбiр iстердiң сақтау мерзiмi мекеменiң СК қаралған. Номенклатура келiсiлгеннен кейiн құжаттарды соған сәйкес қалыптастыру керек.

Директор госархива г.Степногорска Л.Мухамедина

Парақтағы соңғы өзгерістер:: 26.06.2017 10:35
© 2024. Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «степногорск қаласының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика