A- A A+
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «степногорск қаласының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Өткiзiлген онлайн iс-шараларға түсiндiрме жазба

«Степногорск қаласының мемлекеттiк архивi» КММ 2020 жылдың наурыз-мамыр айларында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат бередi:

01 наурыз 2020 жыл — Облыстық балалар үйiнiң бұрынғы тәрбиеленушiлерi тұратын "Жастар" жасөспiрiмдер үйiнде (әлеуметтiк бейiмдеу орталығы) Алғыс күнiне арналған" Қазақстан жерiне Рахмет!" атты iс-шарасы өткiзiлдi.

03 наурыз 2020 жыл- Жастар ресурстық орталығының қызметкерлерiмен, Нұр Отан партиясы төрағасының бiрiншi орынбасары және "Доброе Сердце" волонтерлерiмен архив қоймалары бойынша экскурсия өткiзiлдi.

Мемлекеттiк архивтiң сайтында "Электрондық көрмелер" жаңа айдары ашылды:

30 наурыз 2020 жыл — "Архив кеңес бередi" бейнеролигi ұсынылды. Бұл бейнеролик сайт пен әлеуметтiк желiлерге, келушiлерге, телефон байланысы арқылы кеңес беру бойынша, архив жұмысы қалай жүзеге асырылатынын көрнектi түрде көрсетедi.

30 наурыз 2020 жыл- Ауған соғысы батырының архивте сақталатын жеке тектiк құжаттары көрмеге қосылды.

20 сәуiр 2020 жыл — «Соғыс-әйел "мамандығы" емес» тақырыбында фотоқұжаттар көрмесi қосылды. Бұл көрме Ұлы Отан соғысы жылдарында майданда соғысқан Степногорск қаласының әйелдерiнiң фотосуреттерi мен қысқаша өмiрбаяндарын көрсетедi.

23 сәуiр 2020 жыл — Қазақстан халықтарының бiрлiгi күнiне арналған бейнеролигi қосылды. Бұл роликте Мемлекеттiк архивтiң архивисттерi осы мерекенiң маңыздылығы туралы айтып, Степногорск қаласында тұратың Қазақстан халықтары Ассамблеясының (диаспора, қауымдастық) фотосуреттерi бар стенд ұсынылды.

30 сәуiр 2020 жыл-"Архив-тарих сақтаушысы" атты бейнеролик қосылып, Мемлекеттiк қызмет көрсету және негiзгi қызмет бойынша архивтiң жұмысын қысқаша атап өттi. «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, колледж, лицей және мектеп оқушылары мен студенттерiмен өткiзiлген экскурсиялар, архивисттердiң жетiстiктерi және архив ғимараты көрсетiлген.

05 мамыр 2020 жыл-Жеңiстiң 75 жылдығына арналған "Соғыс. Жеңiс! Поэзия.Естелiк…" бейнеролигi қосылды. Осы бейнероликте мемлекеттiк архивтiң архивисттерi жеңiмпаз жауынгерлердiң фотосуреттерi бар роллап аясында қазақ және орыс тiлдерiнде Ұлы Жеңiс күнiне арналған өлеңдер оқыды.

Архив қызметi мен өткiзiлген iс-шаралар туралы ақпаратты орналастыру әлеуметтiк желiлер:

Сайт: arhiv_stepn@akmola.gov.kz 

facebook — КГУ «Государственный архив города Степногорска»

YouTube — КГУ «Государственный архив города Степногорска»

2020 жылдың наурыз-мамыр айларында көрулер саны:

Сайт — 116 facebook — 38 YouTube — 43

БАРЛЫҒЫ: 197


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 13.05.2020 15:50

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «степногорск қаласының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»