Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «степногорск қаласының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттiк корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерiнiң шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi
Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының, уәкiлеттi ұйымның бөлiмшелерiнiң, орталықтардың және (немесе) олардың қызметкерлерiнiң шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану:
1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, уәкiлеттi ұйымның бөлiмшелерiнiң, орталықтардың және (немесе) олардың қызметкерлерiнiң басшысына тiкелей, телефондар 31 56 70; 31 56 59. Азаматтарды қабылдау кестесi мына интернет-ресурстарда: www.mki.gov.kz, www.con.gov.kz, www.аrhiv.akmol.kz орналастырылған;
2). Ақмола облысы әкiмiнiң блогына (Ақмола облысы әкiмiнiң blog.akmo.gov.kz интернет-ресурсының «Ақмола облысы әкiмiнiң блогына» бетi);
3) 020000, Көкшетау қаласы, Абая көшесi, 83-үй мекен жайы бойынша орналасқан Ақмола облысы әкiмiнiң ғимаратында шағымдар мен ұсыныстар жәшiгi арқылы;
4) жазбаша шағыммен 020000, Көкшетау қаласы, Абая көшесi, 83-үй мекен жайы бойынша орналасқан Ақмола облысы әкiмiнiң кеңсесiне жүгiну арқылы жүзеге асырылады.
Шағымда көрсетiлетiн қызметтi алушының тегi, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесiнiң аты, пошталық мекенжайы көрсетiледi. Шағымға көрсетiлетiн қызметтi алушы қол қоюға тиiс. Шағым берген кезде шағым жасалатын субъектiнiң атауы немесе лауазымды адамның лауазымы, тегi мен аты-жөнi, өтiнiш беру себебi мен талаптары көрсетiледi.
Жазбаша шағыммен жүгiнген көрсетiлетiн қызметтi алушыға шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi, күнi және уақыты көрсетiлген талон берiледi.
Қабылданған шағым «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген мерзiмдерде қаралады.
Шағымды қарау нәтижелерi туралы қызметтi алушыға жазбаша түрде хабарланады.
Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушы заңнамада белгiленген тәртiпте сотқа жүгiнуге құқылы.