AA

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «степногорск қаласының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Степногорск қаласының мемлекеттік архивінің 2017жылға жұмыс жоспары

Бекiтемiн
«Степногорск қаласының
мемлекеттiк архивi» КММ
____________ Л. Мұхамедина
____________ 2016


Степногорск қаласының мемлекеттiк архивiнiң
2017 жылға жұмыс
ЖОСПАРЫ

КIРIСПЕ

2017 жылы Степногорск қаласының мемлекеттiк архивiнiң барлық қызметi Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын iске асыруға, және де архивтiк iстi жетiлдiруге және одан әрi дамытуға, Ұлттық архив қорының құжаттарының сақталуын қамтамасыз етуге, сақтаудағы құжаттарға ғылыми-анықтамалық аппараттарды құруға және жетiлдiруге, оларды жан-жақты пайдалануға, орындалатын жұмыстарға ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз етугебағытталады.

2007 жылдың 12 қаңтарындағы № 2340«Заңды және жеке тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» ҚР заңын орындау мақсатында кешендi iс-шараларды өткiзу жалғастырылады.

Ақпараттық құжаттар, мақалалар, сурет құжаттық көрмелердiң тақырыптық-экспозициялық жоспарлары, семинарлардың жоспарлары, жылсайынғы ерекше мәндi және естен кетпес уақиғаларының күнтiзбесi дайындалып және түсуiне қарай қарауға архивтiң сараптау комиссиясының отырыстарында қаралады және жүргiзiледi.

1.Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорының құжаттарын мемлекеттiк есепке алу және сақталуын қамтамасыз ету

Сақтауын қамтамасыз ету мақсатында архивтi техникалық жарақтау және материалды-техникалық базасын нығайту бойынша жұмыстар жалғастырылады. Қағаз негiзiндегi құжаттардың 360 сақтау бiрлiгiнiң физикалық жағдайы жақсартылады,оның iшiнде 300 парақ қалпына келтiрiледi, қор тiзiмi қоса берiлдi (№ 1 қосымша).

200 сақ.бiр. — тiгiледi– қорлар № 29/7«Казахалтын» АҚ Старателдiк артелдерi, «Прогресс»АТАҚжәне Орталықтандырылға кiтапханалар жүйесi.

2500 iс картон қораптармен қапталады — Қ.48/19«ТКХК»АТАҚГидрометаллургиялық заут.

Басқармажәне жеке құрам бойынша құжаттардың 1744 iсiнiң жағдайын және қолда барын тексеру жүргiзу болжалануда.Қор тiзiмi қоса берiлдi (№ 2 қосымша).

Есепке алу құжаттарының толық жинақтарын мұқият салыстыру және қолда барын тексеру жүргiзiледi –4 қор (қосымша № 3).

2

Мемлекеттiк сақтаудағы қорлардың тiзiмдемелерiн жетiлдiру бойынша жұмыс жоспарлы өткiзiлетiн болады: № 52, № 29/4, № 29/5,№ 29/6барлығы–469 сақ.бiр. және оларға ғылыми-анықтамалық аппарат (№ 5 қосымша).

т внесенывновь поступившие на хранение фонды.

Төрт мекеменiң Ведомствалық сақтаудағы құжаттарының құндылығын сараптау тiзiмдемесiн келiсумен (№ 6 қосымша).

«Архивтiк қор» бағдарламасына барлық қорлар енгiзiлген, 2017 жылы сақтауға түскен қорлар енгiзiлетiн болады.

Мемлекеттiк архивке тұрақты сақтауға қабылданған iстердiң тiзiмдемесiн автоматтандырылған деректер базасына енгiзу бойынша жұмыс жалғастырылады.

Жыл бойы мекемелерден, ұйымдардан мемлекеттiк сақтауға құжаттар қабылданатын болады. Қажеттi санитарлы-гигиеналық және температуралық-ылғалдылық режiмiн сақтау жоспарлануда. Тоқсан сайын санитарлық күндер өткiзу, құралдардың көрсеткiштерiн үнемi бақылап отыру қажет.

2. ҚР ҰАҚ қалыптастыру. Кәсiпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда iс қағаздар қызметiнде құжаттарды ұйымдастыруғажәне ведомствалық архивтарға ұйымдастыру-әдiстемелiк басшылық.

Бұл бағыттағы жұмысқа ҚР Ұлттық архив қорының құжаттарын сапалы қалыптастырылуын қамтамасыз етуге, мемлекеттiк сақтауға құжаттарды iрiктеуде сапасын көтеруге ерекше назар аударылады.

Қабылдауға жатады деп болжауда барлығы: 1697оның iшiнде 1273iстұрақты сақталатын басқару құжаттамалары, 424iсжеке құрам бойынща (қосымша № 6).

Мемлекеттiк архивтiң толықтыру көздерi болып табылады кәсiпорындарда, мекемелерiнде, ұйымдарында20iстер номенклатурасыжәне 8сараптау комиссиясы және ведомствалық архив туралы ережелердi жетiлдiруде әдiстемелiк және тәжiрибелiк көмеккөрсету көзделiп отыр.

Дене мәдениетi және спорт,денсаулықсақтау және акиматтың дербес бөлiмдерiмен мына тақырыптар бойынша 3 семинар өткiзiледi:

1. «Ведомствалық құжаттарды сақтаужәне оларды мемлекеттiк сақтауға тапсырудың тәртiбi»;

2. «Дене мәдениетi және спорт мекемелерiнде тұрпатты iстер номенклатурасын құру».

Iстер номенклатурасын жетiлдiруде, тұрақты сақталатын құжаттарды және жеке құрам бойынша құжаттарды өңдеуде, ҒАА, тәжiрибелiк маңызын жоғалтқан құжаттарға жоюға бөлу актiсiн құрғанда үнемiәдiстемелiк және тәжiрибелiк көмеккөрсетiлiп отырады.

3. Ғылыми ақпаратты,ақпараттық-iздеу жүйесiн құру
және құжаттарды пайдалану.

2017жылы мемлекеттiк архивтiң қызметi өткендi шолу ақпаратымен қоғамның қажеттiлiгiн қанағаттандыруға, азаматтардың құқығымен заңдық қызығушылығын

3

iске асыру үшiн құжаттарды пайдалануға, Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұрасының ажырамас бөлiгi болып табылатын архивтiк құжаттарды жариялауғабағытталады.

Қазақстан Республикасының және Ақмола облысының ерекше мәндi және естен кетпес уақиғаларына мына тақырыпта: «Никто не забыт», «Лидер — нации»2 стенддайындалады.

№ 1 және № 3 орта мектептердiң оқушыларымен архив бойынша 2 экскурсияұйымдастырылады жәнеИндустраилды-техникалық лицейдiң және Гумманитарлы-техникалық колледждiң студенттерiмен 2 сабақ-дәрiс өткiзiледi.

Бұхара ақпарат құралдарында жариялау бойынша жұмысты жалғастыру мақсатында 3 мақаладайындалады.

Мемлекеттiк архивтiң сайтында архивтiң қызметiн көрсететiн ақпараттар орналастыру жалғастырылады.

Архивтiң оқу залында архив материалдарын зерттеушiлермен жұмыс жалғастырылады — Қазақстан Республикасының және шет елдiң азаматтарымен, студенттермен, ғылыми жұмысшылармен. Және де, Қазақстан Республикасының, алыс және жақын шет елдерiнiң азаматтарынан және ұйымдарынан түскен тақырыптық және әлеуметтiк-құқықтық түрдегi сұранымдарын орындау бойынша жұмыс жандандырылады. Сонымен қатар мәтiндi баяндауда толықтылығы, уақыттылығы, шүбәсiздiгi, сыпайылығы қамтамасыз етiледi.

«Архивтiканықтамаларды беру» мемлекеттiк қызметтiң Стандартымен регламенттелген сұранымдарға аса көңiл бөлiнедi. Бұл мақсатта әлеуметтiк-құқықтық түрдегi сұранымдарды орындау бойынша жұмыстуралы БАҚ жарияланымдар басу; мерзiмдiк басылымдарда электронды үкiмет порталыарқылы архивтiк анықтамаларды алу артықшылығы туралы жарнамалар орналастыру; азаматтарға жеке кеңес беру арқылыархивтiк ақпарат алу мүмкiндiгi бар екенiн әлеуеттi қызмет алушыларға ақпар беру. Өтiнiштердi рәсiмдегенде болатын қателердiң алдын алу,«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы арқылы жүргiзiлетiн жұмысты жандандыру мақсатында, Мемлекеттiк корпорация қызметкерлерi үшiн 2 семинар-дәрiс өткiзiледi.

Каталог құру бойынша жұмыс жалғастырылады (120 iс каталогтау, 36 карточка құру).

Көрме, мақала, дәрiс, басқа да ақпараттық түрдегi жұмыс дайындағанда архивтiк құжаттарды жоспарлы жәнежемiстi пайдалану мақсатында 2018 жылға Ерекше мәндi және естен кетпес уақиғаларына күнтiзбедайндалады (қыркүйек).

4

5. Ғылыми-техникалықақпарат. Кадрлардың бiлiктiлiгiн жоғарылату.
Ұжымның әлеуметтiк дамуы.

Қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыру үшiн архивтiк iс мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлердi жан-жақты зерделеу ұйымдастырылатын болады.

Қазақстан Республикасының архив мекемелерiнiң қызметiндегi оң тәжiрибелерiн жұмыстық iс-тәжiрибеде белсендi пайдалану.

«Қазақстан Республикасындағы iс жүргiзу» журналы және «Қазақстан архивтерi» бюллетендерi бойынша аппараттық оқуларда жаңа әдiстемелiк және архивтi жүргiзу әдебиеттерiне шолу жүргiзу тәжiрибесi жалғастыралады.Жедел отырыстарда архив қызметкерлерiнiң айлық жұмыс жоспарының және жоспарлық көрсеткiштердiң орындалу барысы туралы есептерiн тыңдау. Үнемi орындалған жұмыстың есебiн жүргiзу.

Азаматтық қызметте болғанына 3 жыл өткен сайын архив қызметкерлерi аттестациядан өтетiн болады.

Архивтiң барлық қызметкерлерi әр түрлi курстарда және басқа оқу түрлерiнде бiлiктiлiгiн көтередi деп жоспарланып отыр.

Архив iсiнiң ардагерлерiн және архив қызметкерлерiн әлеуметтiк қорғау мәселелерiне назар бөлiнедi, нақты мүмкiндiгiмiздiң шегiнде.

Келiсiлдi

Ақмола облысының архивтер мен

құжаттамалар басқармасының басшысы

_______________ М.Ю.Тохаева

___ _____________2016

Парақтағы соңғы өзгерістер:: 24.05.2017 09:19
© 2024. Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «степногорск қаласының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика