AA

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «степногорск қаласының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Өлке тарихы — ел тарихы» көшпелі фотокөрме өтті

2018 жылдың 16 тамызында Степногорск қаласының мемлекеттiк архивi «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Горняк» МҮ «Өлке тарихы — ел тарихы» атты көшпелi фотокөрменi салтанатты ашып, көпшiлiк халықтың назарына ұсынды. Көрмеге қала, кенттердiң, ауылдық округтердiң әкiмдерi, бөлiм, ұйым, кәсiпорын басшылары әрiптестерiмен, зейнеткерлер, оқушылар, студенттер барлығы 380 адам қатысты. Салтанатты ашылуда Степногорск қаласының әкiмiнiң орынбасары Абилова Г.М.,. қалалық мәслихатының депутаты Шакенов Х.И. және архив директоры Мұхамедина Л. сөз сөйледi. Лента кесу рәсiмiн қаламыздың құрметтi азаматы Сағиев Т.С. және архивтiң бұрынғы директоры Попова Г.П. өткiздi. Және де шашу шашылып, өлең айтылды.

Парақтағы соңғы өзгерістер:: 02.10.2018 14:16
© 2024. Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «степногорск қаласының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі