Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «степногорск қаласының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
1.Жалпы ережелер
1) Көрсетiлетiн қызметтi берушi туралы мәлiметтер
Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасының «Степногорск қаласының мемлекеттiк архивi» КММ-нiң 2022 жылғы мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi қызметi туралы есебiнде көрсетiлген мемлекеттiк қызметтер бойынша мәлiметтер енгiзiлген.
2) Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша ақпарат
Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтер саны: мемлекеттiк архивтер 1 мемлекеттiк қызмет түрiн көрсетедi.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттiк қызметтер көрсету нәтижелерiн беру: 1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi; 2) Ақмола облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкiмет «мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы; 3) «электрондық үкiметтiң» www.e.gov.kz, веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк қызмет электрондық (iшiнара)/қағаз нысанда көрсетiледi.
Барлық мемлекеттiк қызметтер тегiн көрсетiледi.
2022 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттiк қызметтердiң саны 1444 құрады:
- «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы арқылы – 340;
- веб-портал арқылы www.e.gov.kz – 527;
- Қызмет берушiнiң кеңсесi арқылы (мемлекеттiк ахивтер) — 577.
Мемлекеттiк архив «e-gov» өзiне-өзi қызмет көрсетудiң 1 бұрышы орнатылған.
2. 2022 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету
Қызмет алушылармен жұмыс:
1) Мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбi туралы ақпаратқа қол жеткiзу көздерi мен орындары туралы мәлiметтер.
Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы ақпаратты мемлекеттiк архивтің стендiнен алуға болады. Мемлекеттiк архивтердiң сайтында www.gov.kz сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығының телефондары бойынша 1414, 8 800 080 7777.
2) Мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбiн айқындайтын заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.
Мемлекеттiк архивтің қызметi туралы есеп көпшiлiк талқылау үшiн мемлекеттiк архивтің сайтында орналастырылады, онда әрбiр тұрғын есептi қарап, пiкiр қалдыра алады.
3) Мемлекеттiк қызметтер көрсету процесiнiң ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралар (түсiндiру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).
Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң ашықтығын қамтамасыз ету және көрсетiлетiн қызметтi алушылардың хабардарлығын арттыру мақсатында 2022 жыл iшiнде мемлекеттiк қызмет көрсету процестерiн жетiлдiру бойынша 122 iс — шара өткiзiлдi:
1) экскурсиялар, сабақтар, көрмелер, дөңгелек үстелдер мен конференциялар-38;
2) мемлекеттiк архив қызметкерлерiнiң мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша БАҚ — та сөз сөйлеуi-82;
3) тiкелей эфирлер-2.
3. Мемлекеттiк қызметтер көрсету процестерiн жетiлдiру жөнiндегi қызмет
1) 2022 жылы «электрондық үкiмет» порталы арқылы мемлекеттiк қызметтi орындау бойынша мемлекеттiк қызметтердi көрсету процестерiн оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелерi - 527 мемлекеттiк қызметi көрсетiлдi.
2) Мемлекеттiк қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыруға бағытталған iс-шаралар - мемлекеттiк архивтiң 4 қызметкерi Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалында бiлiктiлiктi арттыру курстарынан өттi.
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын бақылау
1) Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша) 2022 жылы мемлекеттiк қызмет көрсету туралы шағымдар тiркелген жоқ.
5. Мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң одан әрi тиiмдiлiгiнiң перспективалары және сапасына көрсетiлетiн қызметтi алушылардың қанағаттануын арттыру.
Азаматтардың өтiнiштерiмен жұмыс iстеуде, оның iшiнде қағазбастылық пен бюрократизм фактiлерiнiң жолын кесу, ашықтық саясатын қалыптастыру мақсатында кәсiби тәсiлдi қолдану, сондай-ақ ЭҮП арқылы «Архивтiк анықтамалар, архивтiк құжаттардың көшiрмелерi немесе архивтiк үзiндiлер беру» мемлекеттiк қызметiн алу туралы халықты хабардар ету («электрондық үкiмет» порталын танымал ету үшiн БАҚ, әлеуметтiк желiлер және т.б. арқылы халықты хабардар етудi жүргiзу).
Директор М. Нұржанова