AA

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «степногорск қаласының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасының «Степногорск қаласының мемлекеттiк архивi» мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша 2021 жылғы есебi

1.Жалпы ережелер

1)Көрсетiлетiн қызметтi берушi туралы мәлiметтер

Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасының «Степногорск қаласының мемлекеттiк архивi» КММ-нiң 2021 жылғы мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi қызметi туралы есебiнде көрсетiлген мемлекеттiк қызметтер бойынша мәлiметтер енгiзiлген.

2) Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша ақпарат

— Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтер саны: мемлекеттiк архивтер 1 мемлекеттiк қызмет түрiн көрсетедi.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттiк қызметтер көрсету нәтижелерiн беру: 1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi; 2) Ақмола облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкiмет «мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы; 3) «электрондық үкiметтiң» www.e.gov.kz, веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк қызмет электрондық (iшiнара)/қағаз нысанда көрсетiледi.

Барлық мемлекеттiк қызметтер тегiн көрсетiледi.

2021 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттiк қызметтердiң саны 1962 құрады:

– «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы арқылы — 156;

– веб-портал арқылы www.e.gov.kz– 1055; — Қызмет берушiнiң кеңсесi арқылы (мемлекеттiк ахивтер) — 751.

Мемлекеттiк архив «e-gov» өзiне-өзi қызмет көрсетудiң 1 бұрышы орнатылған.

2.Қызмет алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбi туралы ақпаратқа қол жеткiзу көздерi мен орындары туралы мәлiметтер.

Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы ақпаратты мемлекеттiк мұрағаттың стендiнен алуға болады. Мемлекеттiк архивтердiң сайтында www.gov.kz сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығының телефондары бойынша 1414, 8 800 080 7777.

2) Мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбiн айқындайтын заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.

Мемлекеттiк мұрағаттың қызметi туралы есеп көпшiлiк талқылау үшiн мемлекеттiк мұрағаттың сайтында орналастырылады, онда әрбiр тұрғын есептi қарап, пiкiр қалдыра алады.

3) Мемлекеттiк қызметтер көрсету процесiнiң ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралар (түсiндiру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң ашықтығын қамтамасыз ету және көрсетiлетiн қызметтi алушылардың хабардарлығын арттыру мақсатында 2021 жыл iшiнде мемлекеттiк қызмет көрсету процестерiн жетiлдiру бойынша 73 iс — шара өткiзiлдi: 1) экскурсиялар, сабақтар, көрмелер, дөңгелек үстелдер мен конференциялар — 17; 2) мемлекеттiк орган қызметкерлерiнiң мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша БАҚ — та сөз сөйлеуi-54; 3) тiкелей эфирлер-2.

3. Мемлекеттiк қызметтер көрсету процестерiн жетiлдiру жөнiндегi қызмет

1) 2021 жылы «электрондық үкiмет» порталы арқылы мемлекеттiк қызметтi орындау бойынша мемлекеттiк қызметтердi көрсету процестерiн оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелерi:

2021 жылы «электрондық үкiмет» порталы арқылы 1055 мемлекеттiк қызметi көрсетiлдi.

2) Мемлекеттiк қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыруға бағытталған iс-шаралар.

2021 жылы мемлекеттiк архивтiң 2 қызметкерi Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалында бiлiктiлiктi арттыру курстарынан өттi.

4. Мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын бақылау

1) Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).

2021 жылы мемлекеттiк қызмет көрсету туралы шағымдар тiркелген жоқ.

2) Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын iшкi бақылау нәтижелерi:

Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасы архивтер бөлiмiнiң қызметкерлерi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет көрсету саласындағы заңнамасының сақталуына iшкi бақылауды қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылы Степногорск қ, Бурабай ауданы, Ерейментау, Қорғалжын, Целиноград, Шортанды ауданы мемлекеттiк архивтерiнде 6 бақылау iс-шарасын өткiздi. Iс — шараны өткiзу мақсаты-мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын арттыру. Тiркеу журналдарына, берiлген архивтiк анықтамаларға олардағы ақпараттың бастапқы құжаттарға сәйкестiгiне, сондай-ақ жауаптардың толықтығы мен дұрыстығына тексеру жүргiзiлдi. «Архивтiк анықтамаларды, архивтiк құжаттардың көшiрмелерiн немесе архивтiк үзiндiлер беру» мемлекеттiк қызметiн орындау мерзiмдерiнiң бұзылуын және мәлiметтердiң сәйкес келмеуiн тексеру барысында тексерiлген архивтiк анықтамаларда анықталған жоқ.

Тексеру нәтижесi бойынша мемлекеттiк архивтердiң директорлары мен мамандарына ұсынымдар берiлдi:

1. Әлеуметтiк желiлерде бейнероликтер орналастыру, акциялар өткiзу және халықпен кездесулер өткiзу жолымен «электрондық үкiмет» порталы арқылы мемлекеттiк қызметтер көрсетудi ұлғайту бойынша ақпараттық жұмысты жалғастыру. 2. Архивтiк анықтамаларды құрастыру кезiнде нормативтiк актiлердi басшылыққа алу, ақпараттың бұрмалануына жол бермеу, осы жұмыс учаскесiне үнемi бақылау жасау. 3. «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 4-баптың 3-тармағына сәйкес көрсетiлетiн қызметтi алушының құқықтарын түсiндiру, көрсетiлетiн қызметтi алушылардың көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану құқықтарын көрсету. 4. Көрсетiлетiн қызметтi алушыларға «Архивтiк анықтамалар, архивтiк құжаттардың көшiрмелерi немесе архивтiк үзiндiлер беру» мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы қолжетiмдi нысанда толық және дұрыс ақпарат ұсыну. БАҚ-та өзектi емес немесе қате жарияланымды орналастыруға жол бермеу.

5. Мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң одан әрi тиiмдiлiгiнiң перспективалары және сапасына көрсетiлетiн қызметтi алушылардың қанағаттануын арттыру.

Азаматтардың өтiнiштерiмен жұмыс iстеуде, оның iшiнде қағазбастылық пен бюрократизм фактiлерiнiң жолын кесу, ашықтық саясатын қалыптастыру мақсатында кәсiби тәсiлдi қолдану, сондай-ақ ЭҮП арқылы «Архивтiк анықтамалар, архивтiк құжаттардың көшiрмелерi немесе архивтiк үзiндiлер беру» мемлекеттiк қызметiн алу туралы халықты хабардар ету («электрондық үкiмет» порталын танымал ету үшiн БАҚ, әлеуметтiк желiлер және т.б. арқылы халықты хабардар етудi жүргiзу).

Директор М. Нұржанова

Парақтағы соңғы өзгерістер:: 28.02.2022 09:00
© 2024. Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «степногорск қаласының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика