A- A A+
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «степногорск қаласының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2022 жылға арналған «Степногорск қаласының мемлекеттiк архивi» КММ-де архив iсiн дамытудың НЕГIЗГI БАҒЫТТАРЫ Архив iсiн дамытуды мемлекеттiк реттеу

Степногорск қаласының мемлекеттiк архивiнiң жұмысы 2022 жылы Ел Президентiнiң Қазақстан халқына Жолдауын,2020-2025 жылдарға арналған «Архив-2025» жобасын iске асыру бойынша iс-шаралар жоспарын, «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң, Архив iсi және құжаттамалар департаментiнiң, облыс әкiмiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiн, жеке ұйымдық-өкiмдiк құжаттарын жүзеге асыруға бағытталатын болады.

Архив iсiн дамыту мен жетiлдiруге, Ұлттық архив қоры құжаттарының сақталуын қамтамасыз етуге, сақталатын құжаттарға ғылыми-анықтамалық аппаратты құруға және жетiлдiруге, оларды жан-жақты пайдалануға, құжаттарды сандық форматқа аударуға, ақпараттық технологияларды енгiзуге ерекше назар аударылатын болады.

Мемлекеттiк архивте сақталатын құжаттардың сақталуын және пайдаланылуын қамтамасыз етуге, ведомстволық архивтерiндегi ҚР ҰМҚ құжаттарының құндылығын сараптауға бағытталған дәстүрлi жоспарланған жұмыстар мен iс-шаралардан басқа Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулысымен бекiтiлген мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдарда құжаттау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйесiн пайдалану қағидаларына, сақтау мерзiмi бар үлгiлiк құжаттар тiзбесiне, ведомстволық және жеке архивтердiң құжаттарды қабылдау, сақтау, есепке алу және пайдалану қағидаларына, «Мемлекеттiк қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Мемлекеттiк қызмет стандартына сәйкес құжаттармен жұмыс жетiлдiрiлетiн болады.

Ақпараттық құжаттардың, мақалалардың, фотоқұжаттық көрмелердiң тақырыптық-экспозициялық жоспарларының, семинарлар жоспарларының, ғылыми-анықтамалық аппараттың, iстер мен құжаттардың тiзiмдемелерiнiң, жыл сайынғы атаулы күндердiң күнтiзбесiнiң, жергiлiктi БАҚ материалдары бойынша қалыптасқан оқиғалар хронографының дайындалуына және келiп түсуiне қарай осы құжаттар қаралатын архивтiң сараптау комиссиясының отырысы өткiзiледi.

1.Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорының құжаттарын мемлекеттiк есепке алу және сақталуын қамтамасыз ету

Сақтауын қамтамасыз ету мақсатында материалдық — техникалық базаны нығайту, архивтi техникалық жарақтандыру және тиiстi санитарлық-гигиеналық және температуралық-ылғалдықрежимдерiн қолдау жөнiндегi жұмыс жалғастырылады.

Қағаз негiзiндегi құжаттардың 400 сақтау бiрлiгiнiң физикалық жағдайы жақсартылады — Степногорск ауданаралық электр желiлерi АРЭК ААҚ және Қалалық халыққа бiлiм беру бөлiмi(№ 1 қосымша).

«Каз Сабтон» ЖАҚ № 73 қорының 20 парағының өшiп қалған мәтiнiн қалпына келтiру жоспарлануда.

2

10000 iс картон қораптармен қапталады — қ.48/4 КБ — № 4 АҮАҚ «ТТКХК», қ.48/16 ТЖТЦ АҮАҚ «ТТКХК»және қ.48/19ГМЗ АҮАҚ «ТТКХК» қамту көзделген.Басқарма және жеке құрам бойынша құжаттардың 2075 iсiнiң жағдайын және қолда барын тексеру жүргiзу болжалануда: қ. 3 Степногорск механикаландырылған орман шаруашылығы, қ. 38 «Ақсу шахтақұрылыс басқармасы» АҚ, қ. 48/15 ЖМЗ АҮАҚ «ТТКХК», қ. 48/18 Топтық комитет-125 АҮАҚ «ТТКХК», қ. 48/77 ТКЖЗ АҮАҚ «ТТКХК», қ. 58 «Полимед» ЖШС (№ 2 қосымша). Есептiк құжаттар жиынтығын тексеру 4 қор бойынша жүргiзiледi: қ. 12 Степногорск жолаушылар автокөлiк кәсiпорны, қ. 11 Халық депутаттарының зауыттық кенттiк Кеңесi және оның атқарушы комитетi, қ. 27 «ҚМБ-29» АҚ, қ. 18 «ЭСТАЭМ» ЖШС (№ 3 қосымша).

1956-1994 жылдардағы 515 сақ. бiр. көлемiнде Жұмыс жабдықтау басқармасы қорының, 1967-1991 жылдарыжылдардағы 543 сақ.бiр. көлемiнде Степногорск сауда-өндiрiстiк кәсiпорны — № 5 ЖБЖБ қорының, 1975-1993 жылдардағы 1193 сақ.бiр. көлемiнде ЖЖБ Базасы қорыныңмемлекеттiк сақтауда тұрғанiстерiнiң тiзiмдемесiн жетiлдiру бойынша жұмыстар жоспарлы түрде жүргiзiлетiн болады. Барлығы — 2251сақ.бiр. жеке құрам бойынша құжаттар жетiлдiрiлетiн болады және оларға ғылыми-анықтамалық аппарат (№ 4 қосымша).

Ведомстволық сақтаудағы құжаттардың құндылығына 2 ұйымның iстер тiзiмдемесiмен келiсе отырып сараптама жүргiзу жоспарлануда: «Степногорск қаласының сәулет және қала құрылысы бөлiмi» ММ, «Заводской кентi әкiмiнiң аппараты» ММ (№ 5 қосымша).

Iстердiң тiзiмдемелерi мен қорлардың карточкаларын тұрақты сақтауға жаңадан қабылданған құжаттарды автоматтандырылған дерекқорға енгiзу жөнiндегi жұмыс жалғастырылатын болады.

Қажеттi санитарлы-гигиеналық және температуралық-ылғалдылық режiмiн сақтау жоспарлануда. Тоқсан сайын санитарлық күндер өткiзу, құралдардың көрсеткiштерiн үнемi бақылап отыру қажет.

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорын қалыптастыру.

Ведомстволық архивтарға және iс жүргiзудегi құжаттарды ұйымдастыруға ұйымдастырушылық-әдiстемелiк басшылық

Осы бағыттағы жұмыста негiзгi назар Ұлттық архив қоры құжаттарының сақталуын қамтамасыз етуге және қала мен кенттер ұйымдарында сақталатын жеке құрам бойынша, ҚР Ұлттық архив қоры құжаттарының сапалы қалыптасуын қамтамасыз етуге, құжаттарды мемлекеттiк сақтауға iрiктеу сапасын арттыруға аударылатын болады.

Бiрақ қоймалардың толық жүктелуiне байланысты құжаттарды қабылдау тоқтатылады.Барлығы: 50 сақтау бiрлiгi — бұл фотоқұжаттар және жеке тектiк құжаттар қабылдауға жатады деп болжауда. Ұлы Отан соғысының ардагерi — Л.Ф. Посохованың жеке тектi жаңа қоры құрылатын болады.

Қала мен кенттердiң ұйымдары мен мекемелерiнде ведомстволық архив және сараптама комиссиясы туралы 2 ереже бойыншажәне 4 iс номенклатурасын жетiлдiруде әдiстемелiк және практикалық көмек көрсету болжанып отыр.

3

Қала әкiмдiгiнiң дербес бөлiмдерiнде, ұйымдары мен мекемелерiнде құжаттарды ведомстволық сақтауға жауапты және iс жүргiзушiлермен келесi тақырыптар бойынша 6 семинар өткiзiлетiн болады:

1. «Сақтау мерзiмдерiн көрсете отырып, мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдардың қызметiнде жасалатын үлгiлiк құжаттардың тiзбесiне сәйкес iстер номенклатурасын әзiрлеу және жасау».

2. Тұрақты және ұзақ мерзiмдi сақтау құжаттарын ғылыми-техникалық өңдеу.

3. Ғылыми-анықтамалық аппарат құру.

4. «Құжаттардың бiрыңғай электрондық архивi» ақпараттық жүйесiнде жұмыс.

Ақмола облысының мемлекеттiк архивтерi ақылы негiзде көрсететiн сатылатын тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) бекiтiлген баға прейскуранты негiзiнде «Степногорск қаласының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлiмi» ММ-мен 324000 мың теңге сомасына құжаттарды ақылы негiзде өңдеуге шарт жасасу жоспарлануда.

3.Ғылыми ақпаратты, ақпараттық-iздеу жүйесiн құру
және құжаттарды пайдалану 2022 жылы мемлекеттiк архивтiң жұмысы архив қорларын ақпараттандыруды арттыру бойынша жүргiзiлетiн болады.

Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Степногорск қаласы мен кенттер тарихындағы атаулы және атаулы күндерге 4 стенд дайындалады: 1 мамыр-Қазақстан халықтарының бiрлiгi күнiне — «Бейбiтшiлiк, еңбек және достық мерекесi», 9 мамыр — Ұлы Жеңiс күнiне — «Бiз бұл қорқынышты жылдарды әрқашан есте сақтаймыз», Мемлекеттiк рәмiздер күнiне — «Республикамыздың рәмiздерi-ұлттық мақтаныш» көрмесi, Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгi күнiне — «Тәуелсiздiкке апарар жол» көрмесi.

4 экскурсия және 4 сабақ-дәрiс:

№ 3 КМЛ, № 1, № 2 орта мектеп оқушылармен және «Индустриалдық-техникалық колледжi Степногорск қ.» МКҚК, «Мақсат колледжi» мекемесiнiңстуденттерiменөткiзу жоспарлануда.

Экскурсия тақырыптары: «Қаламыздың тарихының архивi», «Құжаттарда көрсетiлген қала тарихы».

Сабақтар мен дәрiстердiң тақырыптары: «Архивтегi рухани игiлiк», «Менiң қалам-менiң тарихым, ТТКХК қалыптасу беттерi бойынша».

Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдар бойынша жұмыс жалғасады, фотоқұжаттар бойынша 2 мақала дайындау көзделген: «Қаланың фотоқұжаттардағы қалыптасу тарихы», «Степногорск қаласының фотоқұжаттар коллекциясы».

Бiздiң архивiмiздiң қызметiн және өткiзiлген iс-шараларды баяндайтын ақпаратты орналастыру және жаңарту Степногорск қаласының мемлекеттiк архивтiң сайтында және беттерiнде үнемi жалғасатын болады.

Каталог құру бойынша жұмыс жалғастырылады (40 iскаталогтау, 40 карточка құру).

Сондай-ақ, «Құжаттардың бiрыңғай электрондық архивi» ақпараттық жүйесiндежұмыс жалғастырылатын болады. 1 қордың және 1 iстер тiзiмдемесiнiң деректерiн енгiзу жоспарлануда. Сканерленген iстердiң саны 480 бiрлiктi, ал парақтар — 36000 болады.

4

Архивтiң оқу залында архив материалдарын зерттеушiлермен — Қазақстан Республикасының және шет елдiң азаматтарымен, студенттермен, ғылыми жұмысшыларменжұмыс жалғастырылады.

Азаматтардың әлеуметтiк-құқықтық, тақырыптық сипаттағы сұрауларын сапалы және уақтылы орындауды қамтамасыз етуге, ХҚКО және «Электрондық үкiмет» порталы арқылы мемлекеттiк қызмет көрсетуге ерекше назар аударылатын болады.

Осы мақсаттар үшiн әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы сұраныстарды орындау бойынша архивтiң жұмысы туралы және электронды Үкiмет порталы арқылы Архивтiк анықтамаларды алу туралы БАҚ-та жариялау; азаматтардың жеке консультациялары арқылы архивтiң ақпаратты алу мүмкiндiктерi туралы әлеуеттi алушыларды хабардар ету көзделедi. ХҚКО қызметкерлерi үшiн «Архивтiк анықтамалар беру» мемлекеттiк қызметiн көрсету бойынша 4 семинар өткiзiлетiн болады: қоғамдық мониторинг нәтижелерi және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететiн себептердi жою бойынша ұсынымдарды ескере отырып, «Архивтiк анықтамалар, архивтiк құжаттардың көшiрмелерiн немесе архивтiк үзiндi көшiрмелер беру» мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын арттыру; қорлардың тiзiмi, құрамы, жылдары, сақтау бiрлiктерiнiң саны; Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы. Архивтiк анықтамаларды беру тәртiбi туралы БАҚ-та 4 мақала жарияланады.

4. Ғылыми-техникалықақпарат. Кадрлардың бiлiктiлiгiн жоғарылату. Ұжымның әлеуметтiк дамуы

Қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыру үшiн нормативтiк құқықтық актiлердi жан — жақты зерделеу ұйымдастырылады, олар аппараттық оқуда қаралатын болады және «Құжат айналымы мәселелерi» журналдары — «Құжат айналымы мәселелерi»(қазақ және орыс тiлдерiнде) және «Қазақстан архивтерi» бюллетеньдерi бойынша аппараттық сабақтарда әдiстемелiк және архивтану әдебиетiнiң жаңалықтарына шолу жүргiзу практикасы жалғастырылады.

Азаматтық қызметте 3 жыл болған соң архив қызметкерлерi аттестаттаудан өткiзiледi.

Сондай-ақ, архивтiң барлық қызметкерлерi түрлi курстарда, семинарларда және басқа да оқу нысандарында бiлiктiлiгiн арттырады деп жоспарлануда.

Нақты мүмкiндiктерге сүйене отырып, архив қызметкерлерi мен архив iсiнiң ардагерлерiн әлеуметтiк қорғау мәселелерiне назар аударылатын болады.

Қосымша: 2021 жылға арналған қызметтiң негiзгi бағыттары мен нәтижелерiнiң көрсеткiштерi; 2022 жылға арналған жұмыс жоспарына қосымша; 2022 жылға арналған негiзгi көрсеткiштердiң статистикалық жоспары; 2022 жылға арналған айлар бойынша жұмыс жоспарының негiзгi көрсеткiштерi; 2022 жылға арналған тоқсан бойынша жұмыс жоспарының негiзгi көрсеткiштерi 1 данада 21 парақта.

Мемлекеттiк архивтiң директоры М. Нуржанова


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 13.01.2022 16:19

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «степногорск қаласының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»