AA

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «степногорск қаласының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қарттар күні архивте

2016 жылдың 20 қазанында «Степногорск қаласының мемлекеттiк архивi» КММ қазiргi ұжымымен, қарттар күнiне арнап, осы уақытта зейнеткерлiк демалыстағы архивтiң бұрынғы жұмыскерлерiмен кездесу өткiздi.

Дастархан басында жылы, шырайлы және достық сипатта әңгiме басталды. Бұрынғы жұмыскерлерiмiз өздерiнiң жұмыс тәжiрибесiмен бөлiсiп, Мемлекеттiк архивтiң алғашқы жылдардағы жұмысының басталуы туралы еске алып, көп қызықты әңгiмелер айтылды. Шақырылған зейнеткерлердiңкөбi архив құрылған жылдан бастап iстегендер.Бiз оларға архив ғимаратында экскурссия өткiздiк. Жаңа стеллаждар мен архивтiк қораптарды көрсетiп, қазргi уақытта қандай құжаттар сақтауда екенiн таныстырдық. Кездесудiң соңында естелiкке сыйлықтар сыйлап, фотосуретке түсiрдiк.

Парақтағы соңғы өзгерістер:: 26.06.2017 10:55
© 2024. Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «степногорск қаласының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика