Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «степногорск қаласының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Архив тарихы

«Степногорск қаласының мемлекеттiк архиві» мемлекеттiк мекемесiнiң тарихи анықтамасы

Степногорск қаласының қалалық мемлекеттiк мұрағаты 1993 жылдың 03 ақпандағы № 156 Қазақстан Республикасының қалалық әкiмшiлiгi басшысының шешiмiмен және «Құжаттар және облыстың кәсiпорындары мен ұйымдарын жекешелендiретiн мұрағаттар сақталуын қамтамасыз ету бойынша iс-шаралар туралы» 1992 жылдың 03 сәуiрдегi № 17 Целиноград облыстық әкiмшiлiгi басшысының шешiмi негiзiнде ұйымдастырылған.

06.10.1995 жылдан Степногорск қаласының әкiмi тағайындалды және қалалық әкiмшiлiк Степногорск қаласы әкiмiнiң аппаратына қайта құрылды, сәйкесiнше — Степногорск қаласының мемлекеттiк мұрағаты.

1999 жылдың 08 сәуiрдегi қайта тiркеуiне сәйкес мұрағат «Степногорск қаласының мемлекеттiк мұрағаты» мемлекеттiк мекемесi деп атала бастады және № 592-1902 тiзiлiмiнде әдiлет Министрлiгiнде тiркелдi.

2005 жылдың 01 сәуiрiнен мемлекеттiк басқару органымен «Степногорск қаласының мемлекеттiк мұрағаты» ММ «Ақмола облысының мұрағаттар мен құжаттамалар бөлiмi» ММ болды.

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2005 жылдың 17 ақпандағы № А-3/52 қаулысы негiзiнде «Степногорск қаласының мемлекеттiк мұрағаты» ММ атауы Ақмола облысы мұрағаттар мен құжаттамалар бөлiмiнiң «Степногорск қаласының мемлекеттiк мұрағаты» ММ-не өзгертiлдi.

Ақмола облысы әкiмiнiң 2008 жылғы 08 мамырдағы № а-4 /170 қаулысы негiзiнде «Ақмола облысы мемлекеттiк мұрағат мекемелерiнiң атауларын өзгерту туралы», Ақмола облысы мұрағаттар мен құжаттамалар бөлiмiнiң «Степногорск қаласының мемлекеттiк мұрағаты» мемлекеттiк мекемесi 2008 жылдың 09 маусымында Ақмола облысы мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасының «Степногорск қаласының мемлекеттiк мұрағаты» мемлекеттiк мекемесiне атын өзгерттi.
 



Парақтағы соңғы өзгерістер:: 10.01.2023 17:53
© 2024. Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «степногорск қаласының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика