2012 жылды бiрiншi қысқы күнi Қазақстан тұрғындары үшiн тағы да бiр демалыс және мейрам күнi болды. Осы жылдан бастап 1 желтоқсан күнi Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi күнi тойланады.
2011 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасының Сенат парламен-тiнiң пленарлық жиналысында «Қазақстан Республикасындағы мейрамдар туралы» заңына өзгерiстер мен қосымшалар енгiзу туралы» заң қабылданды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентiнiң Республика алдындағы аса көрнектi сiңiрген еңбегiн тану және атап өту мақсатында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi күнi белгiлендi.
Мейрамның күнiн белгiлеу үшiн тарихи алғышарт және негiз болып 1991 жылдың 1 желтоқсанындаға уақиға себеп болды, — алғаш рет жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiде Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев Қазақ ССР президентi болып қайта сайланды. Ол жалғыз кандидат болды және 88,2% сайлаушылардың дауыс беруiмен 98,7 % дауыс жинап жеңiп шықты.
Тұңғыш Президенттiң алғашқы қадамы 1991 жылдың 10 желтоқсанында Қазақ ССР-ын Қазақстан Республикасына атын өзгерту туралы заңына қол қоюдан басталды. Ал алты күннен соң — 1991 жылдың 16 желтоқсанында — Жоғарғы Кеңес мемлекеттiк тәуелсiз Қазақстан екенiн жария еттi, бұл Қазақстанды егемендiк мемлекет екенiн жариялағаны болды. 1991 жылдың желтоқсанының алғашқы күндерi Қазақстан үшiн тәуелсiз Республиканың даму жолын анықтайтын нағыз түбiрлi өзгерiстер болды. Қазiргi уақытта Қазақстан, халықаралық қоғамдастықпен замануи демократиялық мемлекет болып танылып отыр.
1990 жылдың 24сәуiрiнен лауазымға тағайындалған мезгiлден бастап Республиканы басқарып келген Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың аз емес сiңiрген еңбегi. Мерекенiң өзi, салтанатты шерумен мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың штандартын көтеруден және мемлекеттiк күзет қызметiнiң туын беруден басталады, барлық жерде әртүрлi мәдени, спорттық және басқа да мерекелiк iс-шарала жүргiзiледi. Бiздiң қаламызда да осындай мерекелiк шаралар өттi. Мұрағат ұжымы «Горняк» мәдениет сарайында болған мерекелiк концертке қатысты.