Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «степногорск қаласының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
1. Акиматтағы аппараттық жиналыс
2017 жылдың 12 сәуiрiнде директор акиматтағы аппараттық жиналыста ҰАҚ құру көздерi болып табылатын қаламыздың мекемелерiмен ұйымдарының ведомствалық архивтерiнiң жұмыстарының мәселелерi бойынша баяндама жасады. Жиналысқа кенттер әкiмi, бөлiм басшылары, қаламыздың мекемелерi мен ұйымдарының басщылары қатысты. Iс жүргiзу және құжаттарды ведомствалық сақтауда әдiстемелiк ұсынымдар берiлдi.
2. Аппараттық оқу
2017 жылдың 24 сәуiрiнде мемлекеттiк архивтiң қызметкерлерiмен «Мемлекеттiк архивтегi құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету» тақырыбына апараттық оқу өткiзiлдi. Мемлекеттiк архивте сақтаудағы құжаттарды есепке алу, сақтау, сақтау жағдайы туралы мәселелер қаралды.
3. 1май — Қазақстан халықтарының бiрлiгi күнi
Қазақстан — көп ұлтты ел, онда 150-ден астам ұлттар және ұлыстар тұрады. Осы халықтар татулық — бiрлiкте тұру үшiн өкiмет әр түрлi iс-шаралар өткiзедi. Соның бiрi Қазақстан халықтарының бiрлiгi күнi. Мемлекеттiк архивтiң қызметкерлерi Қазақстан халқының бiрлiгiне күнiне арналған парадқа және басқа да iс-шараларға қатысты.
4. 9 май — Жеңiс күнi
9 май Жеңiс күнi — бүкiл елiмiздң мейрамы!!! 9 май — Екiншi Ұлы Отан соғысында фашизмдi жеңген аңызға айналған жеңiс күнi және қаза болған жауынгерлердi еске алу күнi. Бүгiнгi күнi тұрып жатқан қазақстандықтардың тәуелсiздiгi және бақыты үшiн, осы Жеңiс үшiн қаншама күш жұмсалды, қаншама қан төгiлдi, қаншама адам өмiрi қиылды. Барлығыңызды Ұлы Жеңiс мерекесiмен!!!
Мемлекеттiк архивтiң қызметкерлерi Жеңiс күнiне арналған парадқа, «Мәңгiлiқ полк» қозғалысына және басқа да iс-шараларға қатысты.
5. «Отты жылдарды еске алу» атты көрме
Мемлекеттiк архивтiң ғимаратында Жеңiс күнiне арнап «Отты жылдарды еске алу» атты көрмесiн ұйымдастырдық. Онда қаламызда тұратын соғыс ардегерлерiнiң фотосуреттерi, қаламыздағы және кенттердегi Жеңiске арналған ескерткiштердiң фотосуреттерi, Ұлы Отан соғысына арналған кiтаптар және басқа да құжаттар қойылған.