Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «степногорск қаласының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Аппараттық оқу

1. Аппараттық оқу

2017 жылдың 31 мамырында мемлекеттiк архивтiң қызметкерлерiмен «Мемлекеттiк архивтiң Толықтыру көздерi болатын мекемелердiң тiзiмiн құру тәртiбi және құжаттарды есепке алу» тақырыбына апараттық оқу өткiзiлдi. Степногорск қаласының мемлекеттiк архивiнiң толықтыру көздерi болатын мекемелер мен ұйымдардың тiзiмiн құру бойынша мәселелер қаралды.

2. 4 маусымда — Қазақстан Республикасының рәмiздерi күнi

2017 жылдың 02 маусымында мемлекеттiк архивтiң қызметкерлерi Степногорск қаласының әкiмiнiң қатысуымен өткен «Ту тұғыры» монументi алаңында Қазақстан Республикасының рәмiздерi күнiнiң 25 жылдығына арналған iс-шараға қатысты. 1992 жылғы маусым айының 4-шi жұлдызы Қазақстан Республикасы тарихындағы ерекше мәртебелi күн. Бұл күн елiмiздiң мемлекттiк рәмiздерi — Туы, Елтаңбасы, Әнұраны — дүниеге келген күн ретiнде мәңгi есте қалады. Мемлекеттiк рәмiздер — мемлекеттiң мызғымас негiзiнiң бiрi. Мемлекеттiк ту — ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген және елтаңбаның ортасында шаңырақтың бейнесi, барлық қазақстандықтар үшiн ортақ үй символы сияқты, әлемге жаңа тәуелсiз мемлекет бейнесiн әкелдi оның аты Қазақстан Республикасы.

3. 2017 жылдың 02 маусымында мемлекеттiк архивтiң қызметкерлерiмен «Қазақстан Республикасының рәмiздерiне — 25 жыл» атты тақырыпқа «дөңгелек үстел» өткiздiк.

Бұл отырыста архивист Оспанова Н. елiмiздiң әр рәмiзiнiң тарихын әңгiмелеп бердi. Мемлекеттiк рәмiздер-елiмiздiң егемендiгi мен тәуелсiздiгiн паш ететiн нышандар. Бұл рәмiздер бiздiң мемлекетiмiздiң өткенi, бүгiнгi мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесi. Мемлекеттiк символдар әр қазақстандықтың мақтанышы, демек, тәуелсiздiгiмiз тұғырлы болып, елiмiздiң символы-мемлекеттiк рәмiздердi қастерлеп, құрметтеу бәрiмiздiң мiндеттi парызымыз болып саналады.

4. «Ту, елтаңба, әнұран — тiрегiмiз, туған жер деп соғады жүрегiмiз» атты көрме

Мемлекеттiк архивтiң ғимаратында Қазақстан Республикасының рәмiздерi күнiнiң 25 жылдығына арнап «Ту, елтаңба, әнұран — тiрегiмiз, туған жер деп соғады жүрегiмiз» атты көрмесiн ұйымдастырдық. Онда әр бiр мемлекеттiк символдың тарихы және осы мерекеге қатысты фотоматериалдар қойылды.

5. «Архив кеңес бередi» акциясы 

2017 жылдың 7 маусымында Архивтер күнiне арналған «Архив кеңес бередi» акциясын өткiздiк. «Степногорск ақшамы» газетiнде акция туралы хабарлама шықты. Ақпараттық буклеттер әзiрледiк. Архивке кеңес алуға 18 адам келдi.

115 Ақпараттық буклеттер тараттық.

Парақтағы соңғы өзгерістер:: 26.06.2017 11:31
© 2024. Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «степногорск қаласының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика